Жасұлан Естенов – Қарасай ауданының жаңа әкімі

Жасұлан Естенов – Қарасай ауданының жаңа әкімі

Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі болып Жасұлан Тоққожаұлы Естенов тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгін Қарасай аудандық мәслихат сессиясында Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ұсынысы бойынша Қарасай ауданы әкімінің лауазымына Жасұлан Естеновты сайлау бойынша мәселе қаралды. Аудандық мәслихат депуттарының бірауыз келісімімен Қарасай ауданының басшысы болып Жамбыл ауданының тумасы – Жасұлан Тоққожаұлы сайланды.

Мәслихат сессиясынан кейін Алматы облысының басшысы Марат Елеусізұлының қатысуымен әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан активінің жиналысы өтті. Онда облыс басшысы Қарасай ауданының жаңа әкімі Жасұлан Естеновті көпшілікке таныстырып, оның осы уақытқа дейін атқарған еңбек жолына тоқталды.

Сонымен қатар Марат Елеусізұлы Қарасай жерінің тарихы терең, халқы көп екеніне тоқталып, шешілмеген мәселелердің де жетіп артылатынын сөз етті. Әсіресе, аудан орталығы Қаскелең қаласын көркейту керектігін ескертіп, аудан бойынша басқа да мәселеге көңіл аудару қажеттігін еске салды. Осының барлығын облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданның жаңа басшысы Жасұлан Тоққожаұлы қарасайлықтармен бірлесе шешетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Жасұлан Естенов алдымен мәслихат депутаттарына алғысын білдіріп, Жамбыл ауданының тумасы ретінде Қарасай жері жат еместігін алға тартып, барынша еңбек етуге күш салатынын жеткізді.

Жиын барысында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жанат Исағұлов пен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сағат Мәсімақынов қарасайлықтардың атынан Жасұлан Тоққожаұлының жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жасұлан Тоққожаұлы  – Алматы облысы Жамбыл ауданының тумасы, 1971 жылы, 14 желтоқсанда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақтың Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институты

Еңбек жолын Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында «Мадияр» шағын кәсіпорнында бухгалтер ретінде бастаған.

1998-2006 жылдары «Жамбыл»  типографиясында  бухгалтер, Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитетінде  ұйымдастыру-бақылау бөлімінің салық инспектор, Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінде заңды тұлғалардың аудиті бөлімінің салық инспектор қызметтерін атқарған.

2006-2010 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімі орынбасары болған.  2012-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек етті. 2016-2018 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі қызметін атқарған. 2019-2021 жылдары «Ер-Ай инвест» ЖШС директорының кеңесшісі болса, 2021 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысы қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях