Жақында аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің Қаскелең қаласының сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыру бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданындық кәсіпкерлік бөлімі қаладағы сервистік нысандардың санитарлық тазалығын, құжаттарының заңдылығын, сәулеттік келбетін тексеру үшін рейдтік жұмыс жүргізді.
Осы іс-шараға арналған комиссия құрамында Қаскелең қаласы әкімі аппаратының, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, аудандық жер қатынастары бөлімінің, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары болды.
Рейд барысында қаладағы орталық Абылайхан көшесінің бойында орналасқан дүкендерге, базарларға, дәріханаларға жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілді. Негізінен заңсыз ілініп тұрған жарнамалар мен тазалық мәселелері бас назарға алынды. Атап айтқанда, біразына жарнама жасау үшін де салық төлеу керек екендігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді және заңсыз тұрған жарнамалар болса, алып тастау керектігін ескертті.