Бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған турнир

Бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған турнир

Бүгін Қаскелең қаласында Қарасай аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитеті мен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында Елдорда күніне орай футболдан жарыс өтті.

Жарысқа аудан бойынша 8 команда қатысты. Қызықты және тартысты өткен ойынның нәтижесі бойынша ІІІ орынға  «ДЮСШ 1» командасы ие болса, жүлделі ІІ орын «Береке 1» футболшыларына бұйырды. Ал, «Белинский 1» командасы турнирдің чемпионы атанды. Жарыстың соңында Қарасай ауданы әкімі аппаратының бас маманы Айжан Ізбасар жеңімпаздарды марапаттап, іс-шараны тәмамдады.

Жасөспірімдердің өміріндегі ең жауапты және қиын кезеңінде бос уақытты тиімді өткізуі өте маңызды. Бойындағы бар қуатты пайдалы салаға жұмсау тұлғалықтың дамуына жақсы әсерін тигізеді.Сондықтан кез келген жасөспірім, қиын кезеңде қоғам арасынан пана таба алатындығына сенімді болуы керек.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях