Жандосов колледжінде ашық есік күні

Жандосов колледжінде ашық есік күні

Автомеханик, электрик, тігінші, кондитер сияқты қажет мамандықтар бойынша кадр дайындап отырған ауданымыздағы Санжар Жандосов атындағы Қаскелеңдік кәсіптік-технологиялық колледжінде білім беру қызметтері нарығында оқу орынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Ашық есік күні өтуде. Осы ретте кеше облыстық Жалғасхан Донбаев және аудандық мәслихат депутаттары Василий Тен мен Атлана Исаева білім ордасына арнайы барып, білім мекемесімен жақынырақ танысып, колледж директоры көтерген бірқатар мәселелерді шешуге көмек көрсететіндерін білдірді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

1986 жылы құрылып, жылына 220-дан астам болашақ кәсіби мамандарды даярлап шығаратын колледжде бүгінде ең қажетті, сұранысқа ие электрик, автомеханик, аспазшы сияқты мамандықтар оқытылуда. Дуалды білім принциптерін енгізу мақсатында оқу орнының аймағында үлкен шеберханалар мен кәсіпорындардың филиалдары орналасқан. Бұл бірінші кезекте талапкерлердің дайын кәсіби маман болып шығуына, екіншіден, оқу оқып жүріп жұмысқа орналасуына мүмкіндік беру үшін жасалған. Кешегі іс-шара кезінде халық қалаулылары осы аталған шеберханалар мен студенттерге практикаларын жетілдіруге көмек көрсетіп отырған кәсіпорындардың филиалдарын аралап шығып, талапкерлердің шеберлік сағаттарына қатысты.
Колледж директоры Рүстембек Бакиров депутаттарға шеберханалардан бөлек оқу кабинеттерін, жатақхананы аралатып, колледждегі бір күндік оқу барысын көрсетіп, алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Сондай-ақ, колледж директоры шеберханаларды жылумен қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта оқу орнының аймағына газ қазандығың орнату жоспарланып отырғандығын айтып, маслихат депутаттарынан осы істе көмек көрсетуді сұрады. Аралау барысында колледждің жұмысынан жақсы әсер алған халық қалаулылары қолдау көрсетіп, көмектесетіндіктерін жеткізді.
Шара соңында мәслихат депутаттары студенттермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, оқуларында сәттілік тіледі.
Айта кетейік, болашақта осы колледжге түскісі келетін ауданымыздағы мектеп оқушаларына экскурсиялар жүргізіліп жатқан аталмыш шара үш күн жалғасады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях