Қарасай ауданына қарасты табиғатымен ерекшеленетін, соңғы жылдары инфрақұрылымы дамып келе жатқан ауылдық округтердің бірі – Жандосов. Алаш қайраткерінің есімімен аталатын округ аумағында үш ауыл және екі саяжай бар. Бүгінгі таңда елді мекендердің жай-күйі жаман емес. Жыл өткен сайын әр саласында жағымды жаңалықтары жетерлік. Әсіресе, соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдердердің рухани және спорттық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл жайында округ әкімі Алмас Жамбауовпен еркін сұқбат барысында көз жеткіздік. Айта кетейік, аталған округтің басқа саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары алда уақытта бөлек бейнематериалда айтылады.
Жандосов ауылдық округінде балалардың жан-жақты дамуына айрықша көңіл бөлінген (Видео)
