Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының басым дауысын жинаған Мерхат Ахметов, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-ші бабының 1 тармағына сәйкес Жандосов ауылдық округі әкімі болып 29 сәуірден бастап тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.
Айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы нөмірі 148 заңының 36-1 бабына сәйкес Жандосов ауылдық округінің әкімі Алпамыс Айдаровтың қызметі ауысқан болатын. Осыған орай, Қарасай аудандық комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңа сайлау өткізіп, аудандық мәслихат депутаттарының басым көпшілігі Мерхат Ахметовке дауыс беріп, ол осы лауазымға тағайындалды. Ал, бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы Жандосов ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа басшының өмірбаянымен таныстырып, орнына отырғызды. Округте жұмысын одан әрі жетілдеріп, экономикасын дамытуға үлкен үлесін қосатындығына сенім білдірген Жандарбек Ермекұлы ауыл ақсақалдары мен азаматтарының алдында жаңа әкімді құттықтады. Өз кезегінде тұрғындарда ыстық ықыласын білдіріп, басшылық жұмыста жетістікке жетік, халықпен тығыз қарым-қатынаста болуын тіледі.
[su_custom_gallery source=»media: 9400,9401″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]