Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе облысында қаза тапқан, ресми дерек бойынша, жалғыз адам жерленді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы «Azattyq» арнасына сілтеме жасап.
Қақтығыс барысында Ақтөбеде оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаров бір айдан соң жер қойнына тапсырылды. 30 жастағы оққа ұшқан азаматтың мәйітін туыстары бір айдан соң ғана алды. Русланбек Ақтөбеден 300 шақырым жердегі Мөңке би ауылында тұрған.
Қос қария ұлының жаназасын көп көзінен таса өткізуге мәжбүр.
Ақпаратқа сенсек, 6 қаңтар күні Ақтөбенің күштік құрылымдары төрт күнге созылған шеруді күштеп таратуға кіріскен. Олар таңға жуық резеңке оқ атып, газ шаша бастаған. Бақылау камерасана бірнеше адамның үйлер арасымен қашып бара жатқаны түсіп қалған. Сол кезде Русланбек те камераға ілініпті. Ол ақсаңдап біреуге сүйеніп келе жатқанда жүрегінің тұсына оқ тиіп, сол жерде құлаған.Қайта тұрмайды. Одан кейін оның туыстары оның денесін мәйітханадан тапқан.Бірақ оны бірден бермеген. Өйткені полиция оны «террорист» деп айыптаған.
Русланның әкесі Бүркіт Жұбаназаров ұлын террорист емес екендігіне сенімді.
– Менің балам террорист емес. Мен ондай баланы тәрбиелеген емеспін. Қалай өлтірсе де кінәлі адам жазасыз қалмауы тиіс, – деді марқұмның әкесі Б.Жұбаназаров.