«ЖАН ШЫРЫЛЫ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

«ЖАН ШЫРЫЛЫ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

Кеше аудандық Мәдениет үйінде    «Жастар» театры  жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасын қарасайлық көрермендер назарына ұсынды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Қойылымдағы рөлдерді аудан бойынша алғаш жас өнерпаздардан құралған «Жастар» театрының актерлары  сомдады.  Бүгінгі күні өзекті проблемаға айналған тақырып қасиетті сахна төрінде өнер тілімен өрілді. Жалпы халыққа ұғынықты, әсерлі тілмен. «Жан шырылы» – ел ішіне дендеп еніп келе жатқан радикалды ағымның уытына уланған жастардың тағдыры мен қайғы-қасіреті жайында.

Дін – өте нәзік дүние. Оны жете түсініп ұстанбасаң, тұңғиығына кетіп,  адасасың. Оған дәлел – мына қойылым. Бұл драмада ислам дінін теріс ұғынып, жат ағымның ырқына көнгендер жайында айтылады. Спектакльде айрандай ұйып отырған бақытты отбасы сахналанды. Алайда жас ерлі-зайыптылар ата-анасынан жыраққа кетіп, саудамен айналысамын деп жүргенде  теріс діни ағымның жетегіне ереді. Кәмелетке толмаған қыздарын  шет елге, яғни, Сирияға алып кеткен олардың   сол жақта көрген қайғы-қасіретін бейнелеу арқылы қойылымда нақты шындық бейнеленеді. Қойылымның  үлкен мен кішіге берері бірдей – ойланбай жасалған іс ақырында сан соқтыратындығын ұғындырады. Әсіресе, жастар қауымына өмірлік сабақ. Қандай да бір шығарманың бағын ашып, көрерменге ұғынықты жеткізу үшін режиссердің де еңбегі зор екенін білген дұрыс. Бұл ретте әрине, осы қырынан танылған Бағлан Қалмановты да ерекше атаған жөн. Қойылым соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың өнерлі ұжымға ықылас гүлі табысталды. «Жастар» театры алдағы уақытта «Жан шырылы» драмасын аудандағы басқа округтерде және көршілес аудандарда да  қою жоспарларында бар. Аталған өнер ұжымы Талдықорған қаласында өтетін облыстық театр байқауына дайындалу үстінде.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях