Жамбылдықтардың интернет мәселесі қашан шешіледі?

0
683

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бүгін Жамбыл ауылдық округі халқының алдында есеп беріп, елді алаңдатқан бірқатар сұраққа жауап берді. Дау-дамайға ұласқан тақырыптың арасында интернет мәселесі де талқыланды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аудан әкімінің есептік жиынына аталмыш округке қарасты Жамбыл, Ұлан, Қошмамбет, Батан ауылдарының тұрғындары қатысты. Әрбірінің көтерген мәселесі түрлі болғанымен, интернеттің әлсіздігі барлық елді мекенге қатысты болды. Тіпті, ұялы байланыс арқылы бір-бірімен тілдесудің өзі қиынға соғатыны екен. Жиынға қатысқан ұстаздардар да осы мәселеге ерекше тоқталып, қашықтан оқыту кезінде оқушылармен онлайн байланысу мүмкін болмағанын айтты.

Интернетпен әуре болғандар осылайша аудан басшысы Жандарбек Ермекұлынан көмек сұрады. Оны жақын уақытта шешіп беруін де өтінді. Бұл сауал тікелей «Қазақтелеком» АҚ-на қатысты болғандықтан аталған мекеменің Қарасай аудандық желілік-техникалық цехының басшысы Шаймұрат Әуелбеков нақты жауап беріп, жамбылдықтардың көңілін көншітетіндей ақпарат берді. Айтуынша, жақын арада осындай интернеттен қиындық көріп отырған ауылдарға радиокөпір байланысы орнатылады. Оның ішінде Жамбыл ауылдық округі де бар. Алайда оның ақылы екенін айтты. Бағасы – шамамен 50-60 мыңның шамасында. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілі өздеріне тиісті байланысқа ғана жауапты екенін ескертті. Яғни, Beeline, Tele2, Altel сияқты ұялы операторларға жауапты емес. Бірақ олармен ортақ келіссөз жүргізіп, желілік сигналдың қуатын күшейту бойынша жұмыстар атқарады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь