Жамбыл округінде жаңа «Street WorkOut»

Жамбыл округінде жаңа «Street WorkOut»

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қаңтар айында басталып, Жамбыл округінің тұрғындарын қуанышқа бөлеген «Street WorkOut» алаңы бүгін қолданысқа берілді. Ел игілігіне берілген нысанның ашылу салтанатына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асет Нұрекенов, Қазақ күрес спорты бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әнуар Сұлтанов, округтік ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Қосақбаев қатысты, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Шарада алғашқы сөз кезегі округ әкімі Тұрарбек Ташовке беріліп, ол жамбылдықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен алда келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, жаңа спорттық нысанның ашылуы халық арасында, әсіресе, жастар мен жасөспірім арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға арналған жолда өзінің игі рөлін атқармақ екендігін атап өтті.

Бүгінгі жиынға құрметті қонақ ретінде шақырылған Әнуар Сұлтанов Амангелді Қосақбаевпен бірге жаңа алаңнын лентасын қиып, жиналғандарға ақ батасын берді. Мұнан кейні округ әкімі бірқатар республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздарын дайындап жүрген дене шынықтыру мұғалімдері мен ТМД елдерінің жастар арасындағы қола жүлдегері, ҚР чемпионы Диана Тивцоваға Алғыс хат табыс етті.

Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырып және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат еткен заманауи алаң екі бөлікке бөлінген. Оның бір бөлігінде балалардың және жеткіншектердің дене шынықтырумен айналасуына арналған әртүрлі темірден жасалған спорттық құрылғылар (әткеншектер, өрмелеуіш, турниктер) орналасса, екінші жағында көпшілік арналған кішігірім демалыс орны жасалған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях