Жамбыл облысын басқарған Б.Сапарбаевтың орнына басқа әкім келді

0
583

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген жарлықта.

Еске салайық, 2020 жылдың ақпанынан бері Жамбыл облысының әкімі қызметін Бердібек Сапарбаев атқарған болатын.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған. 2019 жылдың тамызынан бастап Байзақ ауданының әкімі қызметін атқарған.

1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы, Горький атындағы колхозда механизатор болып бастаған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь