Жаңа жылға – жаңа баспана

Жаңа жылға – жаңа баспана

 

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев төрге шыққалы отырған жаңа жыл қарсаңында ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында орналасан «Қарлығаш» ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйден 30 отбасыға пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Нұрлы-Жер» мен «Шаңырақ» бағдарламасы аясында берілген пәтер иелерінің арасында жалғыз басты аналар, көп балалы отбасылар және де ұстаз, медицина сияқты әр саланың қызметкерлері бар. Көптің көптен күткен қарасайлықтардың қуанышына ортақтасып, шараға қатысқан аудан басшысы тұрғындарға пәтер кілтін табыс етіп, үлкен қуаныштарымен құттықтады.

Шараның салтанатты бөлігі біткеннен кейін Жандарбек Ермекұлы жаңа қосынтойын тойлағалы отырған тұрғындармен бірге үйді аралап өтіп, өзінің кішігірім сыйлықтарын табыстады. Өз кезегінде жаңа қонысқа кірген отбасылар қуаныштарын жасыра алмай оларға ерекше көңіл бөлген аудан әкіміне деген алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, жалпы соңғы екі жылдың ішінде ауданымызда «Нұрлы жер», «7-20-25», «Шаңырақ» сияқты бірқатар бағдарламалар аясында 250-ге жуық отбасыға баспана кілті табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях