Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оңай әрі түсінікті латын қаріпін жасау туралы тапсырма бергеннен кейін «Тіл – Қазына» орталығы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам латын нұсқаларының ішінен 8-ін таңдап алды. Енді, осы 8 нұсқаның ішінен біреуі тандалып алынады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш орталық директоры әліпбидің жаңа нұсқаларын ұсынатындардың көпшілігі қазақ әліпбиін ағылшын тілінің алфавитіне жақындатуға тырысатынын, сондай-ақ, ұсынған адамдардың көбі халықаралық фонетика әрқашан ұлттық тілдердің ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейтінің түсінбейтінің айтып өтті.
– Қазір әлемде 52 алфавит қолданылады. Оның ішінде 36% латын графикасында, 18% қытай алфавитінде, 11% араб жазуында. Бірақ, сонымен бірге әр ел өздерінің алфавиттерін ерекшелейтін қосымша таңбаларды қолданады. Сондықтан алдымен ағылшын алфавиттерін ұсынбас бұрын адамдар қазақ әліпбиін ағылшын алфавитінен толығымен көшіріп алуға болмайтынын түсіну керек, – дейді Ербол Тілешов.
Сонымен қатар, Тіл орталығының басшысы Қазақстандағы соңғы грамматикалық сөздік 1983 жылы қабылданғанымен, одан бері сөздікте көрсетілмеген көптеген жаңа сөздер тілге ене бастағанын айтты. Оның айтуынша, бұл мәселе дұрыс жаңа латын қаріпін қабылдау арқылы шешуге болады екен. Мұнан бөлек Ербол Тілешов қазақ тілінде 10 миллионнан астам адам сөйлейтіндіктен бұл тіл 95 ресми тілдердің қатарына жататындығын және жоғары мәртебеге ие екендігін баса айтып, осы ретте латын әліпбиін реформалау нәтижелі және асығыс жүргізілмеуі керек екендігін жеткізді.