Жүргізуші куәлігін портал арқылы ауыстыруға болады

0
2524

Жүргізуші куәлігін электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.Бұл қызметті онлайн түрде алу өте оңай.Ең бастысы egov.kz порталына кіріп өтініш бересіз.Оған өзіңіздің ЭЦП арқылы қолыңызды қоясыз. Өтінімге суретіңіз және қолтаңбаңыз қойылған фотосуреттің скан нұсқасы тіркеледі.Жеке кабинетіңізге құжаттың дайын болғаны жайлы ақпар түскен соң, мамандандырылған ХҚКО-ға барып дайын болған жүргізуші куәлігін аласыз.ХҚКО -ның құжаттарды беру бөліміне — қолданып жүрген жүргізуші куәлігін жаңасына ауыстыру үшін өткізесіз.Сонымен қатар төлқұжатыңыз, мемлекеттік бажды төлегеніңізді растайтын электорнды чек, және өтінішіңіз болу керек. Жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж құны 1,25МРП яғни 3000 теңге.
Егер сіз жүргізуші куәлігін уақыты өтіп кеткеннен кейін ауыстырсаңыз онда псих және нарко диспансерлерден анықтама қағазы, 083 формадағы медициналық анықтамасы керек болады.Жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстыру бойынша биылғы жылдан бастап 1,6 мың адам қолданды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь