«Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш бұйрық ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен енгізілген өзгерістер 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі:
Беткі жағы:
Сыртқы жағы:
Жүргізуші куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай ақпаратты қамтитын болады:
1) жүргізуші куәлігі туралы: сериясы мен нөмірі; берілген күні; жүргізуші куәлігін берген органның атауы;
2) жүргізуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні және жері; тұрғылықты жері; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні; фотосуреті;
3) көлік құралын басқаруға рұқсаты туралы: рұқсат етілген санаттар; жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы; ерекше белгілер.
Тағы бір айта кертері ҚР-ның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарына жүргізуші куәліктері бланкілерінің серияларын белгілеу үшін латын транскрипциясындағы мынадай әріптік белгілеулер бекітіледі. Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы Z, Алматы қаласы A, Ақмола облысы C, Ақтөбе облысы D, Алматы облысы B, Атырау облысы E, Батыс Қазақстан облысы L, Жамбыл облысы H, Қарағанды облысы M, Қостанай облысы P, Қызылорда облысы N, Маңғыстау облысы R, Түркістан облысы X, Павлодар облысы S, Солтүстік Қазақстан облысы T, Шығыс Қазақстан облысы F, Шымкент қаласы Y, Резерв G, Q, W белгілерімен белгіленеді.
ҚР-ның көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгілері:
Көлік құралын тіркеу куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтитын болады: мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі; куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі; куәліктің берілген күні; маркасы, моделі; көлік құралының шыққан жылы; санаты (басқару құқығы/көлік құралы); есептен шығарылғаны туралы белгі; сәйкестендіру нөмірі (VIN, шанақ, шасси); жүктемесіз массасы kg.; қозғалтқыштың көлемі, см. куб.; рұқсат етілген max массасы, kg; көлік құралының түсі; көлік құралының иесі; тұрғылықты жері; ерекше белгілері; бастапқы тіркелген күні; көлік құралын қайта жабдықтау түрлері туралы мәліметтер; жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі; көлік құралын тіркеу органының атауы; дайындаушы ел; өзге де мәліметтер.
Қажеттілігіне қарай, жолдар өзгертілуі және қосылуы мүмкін.