ЖҰМЫССЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ЖҰМЫССЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Жас мамандар мен жұмыс іздеуші азаматтар бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, жұмыс беруші мекеме орталықтарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы барлық жұмыссыз жүрген азаматтардың өтінішін назардын тыс қалдырмай, оларға барынша қолдау білдіруді мақсат етіп келеді. Бүгін аталмыш орталық «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру үшін «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын бос жұмыс орны жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жұмыс беруші мекемелердің қатарында ауданымызда орналасқан «RG BRANDS» ЖШС, «Агро Импекс Алатау» ЖШС, «Юнилюкс» ЖШС сияқты көптеген ірі кәсіпорындар мен түрлі серіктестік, өндірістік компаниялардың басшылары мен қызметкерлері болып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Жиын барысында алдымен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Абылай Зуайды бүгінгі шараның мақсатын түсіндіріп, жәрмеңкеге арнайы келген бос жұмыс орындарды ұсынушы мекемелерге алғысын жеткізді.

[su_custom_gallery source=»media: 9935,9936,9937,9938″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жұмыс іздеушілер өз тарапынан қызмет ұсынушы мекемелердің өкілдеріне түрлі сұрақтарын қойып, әрқайсысына жеке жолығып, қажетті ақпараттарын алды. Сондай-ақ, жұмыссыздардың қатарында аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар да болды. Олар да маңызды сауалдарына жауап алып, қандай шартпен жұмысқа орналасу болатынын түсінді. Ал, жұмыс беруші мекеме орталықтарының өкілдері азаматтардың мамандықтары немесе бұрынғы жұмыс тәжірибелері жайлы біле келе, лайықты жұмыс орындарын айтып, мекенжай, телефон нөмірлерін берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях