Жұмыс ұсынған жәрмеңке

Жұмыс ұсынған жәрмеңке

Екі қолына бір іс таппай жүргендерді еңбек күшін іздегендермен жүздестіретін бос орындар жәрмеңкесі бүгін кезекті рет ұйымдастырылып, біраз жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, болашаққа деген сенімдерін нығайта түсті. Аудандық мәдениет үйінің кең фойесінде өтетін бұл ізгі шараға осы жолы  жергілікті елді мекендердегі 26 ірі және орта кәсіпорындар, құрылыс, кәсіпкерлік нысандарының өкілдері қатысып, жүзге жуық ваканция ұсынды.  Негізінен, жүк тасушы, инженер, механик, көлік жүргізушісі, аспаз, тігінші сияқты кәсіп қолынан келетіндерге деген сұраныс  басым екендігі байқалды.

Жәрмеңкені ашқан Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Жұмағұлов кездесудің мән-маңызы зор екенін, бұл да мемлекет тарапынан халыққа көп көңіл бөлінетіндігінің айғағы екенін, түрлі бағдарламалар оған нақты мысал бола алатындығын мәлімдеп, жиналғандарды берілген мүмкіндіктен шет қалмауға шақырды. Сонымен қатар, ортаға шыққан, жеке кәсіпкер Ә.Нағашбекова, «Алматыгазсервис Холдинг» ЖШС-нің өкілі Р.Турмамбетова, Үшқоңыр ауылындағы көпсалалы кәсіптік колледжі директорының орынбасары Б.Жұмағұлов та айтылған ойды жалғай түсіп, өздеріне қажетті мамандықтар жайын сөз етті. Ал, оқу орнының өкілі болса, кәсібін өзгертем деушілер үшін қайта даярлау курстары бар екенін еске салды.

Сонымен қатар, Қарасай аудандық прокуратурасының аға прокуроры Д.Мырзағали және аудандық пробация бөлімінің басшысы, әділет капитаны Н.Мұхаммедиев те бұл жәрмеңкеге арнайы қатысып, бұрын сотты болып келген жандардың да әрі қарай өзгелер сияқты тұрақты да сапалы өмір сүруі үшін еңбекпен қамтылуына жәрдемдескісі келетіндіктерін жеткізді.

Ресми бөлім аяқталған соң жиналғандар түгелдей іске кірісті. Яғни, жұмыс іздеп келген 142 адам қаз-қатар тізіліп отырған іс ұсынушыларға барып, сұхбаттасып, өздерінің ыңғайына келетіндері жайлы жақсылап сұрастырды. Ал, кейбірі қайта даярлау курстарына барып тегін білім алуға бел буғандықтарын айтып жатты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях