COVID-19 індетіне қарсы күресте қазақ халқына қолдау білдіру мақсатына танымал өзбек әншісі Джон Руми өзінің инстаграм парақшасында, «Атамекен» әнін орындап берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Құрметті Қазақстан халқы! Біздің бәріміз қазір күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып, ал 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы ретінде аталып өткен болатын. Өкінішке қарай, 2020 жылы біздің әлем үшін күрделі болып тұр. Өз елімнің қарапайым азаматы әрі Өзбекстан мәдениетінің өкілі ретінде сіздерді моральдық тұрғыда қолдасам деймін», – деп жазды әнші инстаграмда.
Сөз соңында әнші қазақтың «Атамекен» әнін орындап берді.