Зауыт жұмысшылары кәсіпорынның ашылуын талап етті (Видео)

Зауыт жұмысшылары кәсіпорынның ашылуын талап етті (Видео)

«ШАЛКАР 17» ЖШС-де қызмет ететін бір топ жұмысшы бүгін Қарасай аудандық әкімдігінің алдына келіп, «20 күннен бері жалақысыз қалдық» деп наразылықтарын білдірді. Осыған байланысты олар аудан әкімінен қол ұшын созуын талап етіп, ғимарат алдына шығуын сұрады.

Аудан басшысы Ж.Далабаев қызметтік бабына байланысты басқа жаққа шығып кеткендіктен, әкімдік алдына жиналғандарға жауап бере алмады. Алайда, наразылық білдіргендердің мәселесіне Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғ.Малдыбаев және Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.Сейтов барлық жағдайды түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.

Жұмысшылардың неліктен уақытша жұмыссыз қалған себебіне тоқталар болсақ, Қарағанды облысында тыйым салынған алкогольдік өнім табылғандықтан қылмыстық іс қозғалған. Ал, оның ішінде «ШАЛКАР 17» ЖШС-і өндіретін өнім де бар екенін айта кеткен жөн. Сондықтан өндірістік орнының кейбір жолақтарын уақытша тоқтатуға тура келді. Осы жағдайға байланысты олардың өндіретін алколгольдік сусынның 70 шөлмегі сараптамадан өтуде. Қазіргі таңда бұл қылмыстық іспен Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті айналысып, іс-шаралық жұмыстарды атқаруда.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы өкілінің сөзінше, зауыттың жабылуына қатысты ешқандай сот шешімі жарияланбаған. Тіпті, «ШАЛКАР 17» ЖШС-інің басшылығы тыйым салынған өнімнен басқасын өндіремін десе, оған ешқандай кедергі жоқ. Сондықтан жұмыссыз қалған жандардың талабын орындау – тек қана кәсіпорынның құзыретінде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях