Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Ухан қаласындағы оқып жүрген студенттерге арнайы ұшақ жіберілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
– Кеше Қытайдың Сыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломаттарға арналған брифинг өтіп, оның барысында Қытай елінің аумағында болып жатқан жағдай туралы айтылды. Жиында көршілес елдің өкілдері болып жатқан жағдай бақылауда екенін, әрі тиісті шаралар қабылданып жатқандарын айтты, – деді ол.
Шахрат Нұрышевтың айтуынша, қытайлықтар аурудың тарамауы үшін адамдардың тұрғылықты жерінде қалуы керектігін жеткізді. Бірақ та, егерде басқа мемлекеттер өздерінің азаматтарын қайтаруларын талап етсе олар шетелдік азаматтарды эвакуациялау мәселесін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.
– Осыған байланысты біз ҚХР-ға нота (ұшақ) жібердік. Қазір біз 98 студенттерімізді Уханьнан эвакуациялау мәселесімен айналысып жатырмыз. Олармен телефон арқылы сөйлесіп, қайтқысы келгендердің санына қарай ұшақты жіберуге тырысамыз, – деді Нұрышев.