Ырза Тұрсынзада тегін шебер сабақтар өткізді

Ырза Тұрсынзада тегін шебер сабақтар өткізді

Айлардың сұлтаны рамазан айында қазақ қолөнерін дүниежүзіне танытып жүрген, атақты этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада ауданымызда екінші рет ақысыз шебер сабақтар өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Осы аптаның бірінші күні бастау алған тамаша шара Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында болды. Бұл шебер сабақтар  көбінде жұмысқа шығып, қаржы табуға мүмкіндігі болмай жататын әлеуметтік тұрмысы төмен әйелдер қауымы және көпбалалы аналарды дұрыс бағыт-бағдар беріп, қолдау мақсатында ұйымдастыралған екен.  Үш күн бойы Ырза Тұрсынзада  ерекше ықыласпен тігін өнерін үйренуге ниетті  50-ге жуық қыз-келіншектерге  өзінің тамаша өнерінің қыр-сырымен бөліскен. Қатысушылардың  тігу техникасын тәжірибе жүзінде үйренгендерін  музейде қойылған еңбектерінен байқауға болады. Бұл салған күштері нәтижесіз қалмай, олардың барлықтарына Ырза Тұрсынзада арнайы сертификаттар табыстады.  Сондай-ақ, арнайы құрылған сарапшылардың көмегімен үздік шыққан құрақ көрпелердің иелеріне бес бірдей тігін машинасы сыйланды. Олардың барлығын  аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова марапаттап, құттықтауын білдірді.

[su_custom_gallery source=»media: 9608,9609″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Ал, шараның ұйымдастырылуына септігін тигізген Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов та шебер сабақ өткізуге арнайы келген Ырза ханымға алғысын айтып, ізгі тілегін білдірді. Әрі қарай жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Тағы бір айта кетерлігі, өткен және осы жолғы Ырза Тұрсынзаданың шебер сабақтарына қатысқандар Шамалғандағы мешітке қырыққа жуық көрпе тапсырып, ізгілікті іс атқарыпты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях