Университет оқытушыларының жалақысы көтеріледі

Университет оқытушыларының жалақысы көтеріледі

Еліміздегі жоғары оқу орындарда сабақ беретін оқытушылардың жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында ақпратты ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов өзінің Facebook парақшасында жария етті.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ЖОО оқытушыларының арасында 60-70 мың теңге жалақы алатындар да бар, ал мұндай саясатпен сапаны жақсарту қиынға түседі.

– Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма берді.
Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50% — ға дейін арттыру міндетін жүктеді.
Бұл шешімнің нақты негіздері бар.
Біз жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетті, – деп жазады министр өзінің парақшасында.

Оның ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда ЕҰУ, Тараз педагогикалық университеті және Каспий университеті сияқты бірқатар білім ошақтарында оқытушылардың жалақысы көтерілген. Сонымен қатар, министрдің тапсырмасына сәйкес қалған мемлекеттік ЖОО-да жалақыны көтеру жағын міндетті түрде орындайды. Ал, ректорлар мен ғалымдардың табысына байланысты А.Аймағанбетов былай дейді: «Ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақы белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. Жоғары оқу орындарында академиктер көп емес, сондықтан біз өзіміздің ғылыми элитамызды қолдауға міндеттіміз. Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш-жігерді қажет етпейтінін ерекше атап өткім келеді».

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях