Канада, Украина, Швеция, Ауғанстан мен Ұлыбритания елдерінің Сыртқы істер министрліктері Иран үкіметінен ұшақ апатынан қаза тапқан жандардың жақындарына өтемақы төлеуін талап етуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге салсақ, қаңтардың 8 күні «Украинаның халықаралық әуе жолдары» компаниясына қарасты «Boeing 737» жолаушылар ұшағы Тегеранның әуежайынан көтерілген бойда құлаған еді. Сол апаттан Ираннан – 82, Канададан – 63, Украинадан – 2 азаматы және 9 экипаж мүшесі, Швециядан – 10, Ауғанстаннан – 4, Германиядан – 3, Ұлыбританиядан – 3 барлығы 177 адам көз жұмды. Әуе кемесі құлау себебі – әуежайдағы техникалық ақаулардан болуы мүмкін деген болжам жасалған болатын. Бірақ, кейіннен Иран украиналық ұшақты байқаусыздан атып түсіргенін мойындады.
Енді аталған оқиғада қаза тапқан азаматтардың Сыртқы істер министрліктері әуе апатына қатысты халықаралық тергеу жұмысын мұқият жүргізу керек дегенді алға тартуда. Сонымен қатар, тиісінше өтемақы төленуін соңына дейін талап ететіндіктерін айтты.