Туған жерге деген құрметтерін аңғартты

Туған жерге деген құрметтерін аңғартты

Бүгін Қаскелең қаласындағы мәдениет үйінде, округтік әкімдік қызметкерлері арасында, «Туған жерім – алтын бесігім» атты байқау өтті. Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалы ұйымдастырған бұл шараның негізгі мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілген жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында қолға алынған еді.

Үш кезеңнен тұрған байқау шарты бойынша алдымен жеңістен үмітті бес команда таныстыру бөлімінде өздерінің ана тілге, туған жерге деген құрметтерін айқын байқатуға тырысса, қалған екі бөлімде викториналық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді толықтырып айтып берді.

Олардың әр сөзі мен жауаптарын құрамында Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Зинагүл Халыққызы, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, Қаскелең гуманитарлық техникалық колледжі директорының орынбасары Светлана Сәуменқызы бар қазылар алқасы бағалап отырды.

Нәтижесінде, Ұмтыл округінің «Алтын бесік» командасы бірінші орынды жеңіп алса, «Іргелі» тобы екінші, «Елтайым – алтын мекенім» тобы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, Жаңашамалған және Жамбыл округтерінің қатысушыларына да жақсы кітаптар тарту етіліп, ынталандырылды.

Байқау соңында сөз алған қазылар алқасы жиналғандарға Президенттің бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасының маңызына жан-жақты тоқталып, оның аясында осындай игі шара ұйымдастырып отырған орталық филиалының директоры Жанар Өмірзаққызына алғыстарын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях