Туған жерге деген махаббатын әнге қосқан ақынға арналды

Туған жерге деген махаббатын әнге қосқан ақынға арналды

Биыл ауданымыздың тумасы, қазақ өнерінде есімін алтын әріппен жазып қалдырған ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың туғанына 93 жыл толады. Осы ретте майталман композитордың өмірі мен ән әлеміне сіңірген еңбегін дәріптеу мақсатында бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Туған ел» атты жыр-сұхбаттық дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы. Әр азаматқа ұлайықты өмір» атты жобасы аясында Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен шараның өн бойы композитордың өмірі мен шығармашылығынан алынған әдемі естеліктермен өрді.

Дөңгелек үстел барысында арнайы қонақ ретінде шақырылған аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қаныбек Айтжанов, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы сияқты бірқатар қазақ өнерінің жанашырлары халыққа кең тараған тамаша ән мәтіндерінің авторы жайлы өздері білетін естеліктерімен бөлісті. Әдеттегі ресми шаралардай емес еркін әңгімелесу форматында өткен басқосу барысында қонақтар ақынның еңбегі жайлы ғана айтып қоймай, сондай-ақ, оның жазған «Мойынқұмда», «Қайықта», «Армандастар», «Алатау» сияқты бірқатар әндерін біріге отырып шырқады.

Сондай-ақ, жыр-сұхбаттық дөңгелек үстел барысында ретро әндердің сөзін жазған қазақтың талантты ақынның аты берілген Әлімқұлов орта мектебінің оқушылары оған арнап жазған арнаулары мен композитордың өлеңдерінен үзінділер оқып, жиналғандардың құрмет-қошеметіне бөленді.

Осылайша бүгінгі шараға қатысушылар дүниеден өткеніне 40 жылға жуықтаса да есімі халқының жадында жаңғырып, әндері жүректерді тербетіп келе жатқан біртуар перзентін еске алып қана қоймай, ақынның рухына тағзым етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях