Цукерберг Facebook атауын өзгертті  

Цукерберг Facebook атауын өзгертті   

Facebook компаниясы атауын «Meta» деп өзгертеді, ал компанияға тиесілі бағдарламалық өнімдер атауы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлімдеді,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Бүгіннен бастап Meta деп аталамыз», — деді Цукерберг «метағалам» компаниясының тұсаукесері кезінде.

Сондай-ақ, ол компанияның логотипін таныстырды. Ол — көк Мебиус жолағы.

«Маған бұрын классикалық зерттеу ұнайтын және «Meta» сөзі гректің «кейін» деген сөзінен шыққан. Бұл мен үшін әрқашан басқа дүние жасауға болатынын білдіреді», — деді Цукерберг.

РЕКЛАМА

Оның айтуынша, жаңа бренд компания назарын «метағаламға» аударады. Онда адамдар экраннан бас тартып, виртуал шындықта болу әсерін сезінеді.

«Біз үшін Facebook емес, «метағалам» бірінші орында. Бұл уақыт өте келе басқа қызметтерімізді пайдалану үшін Facebook қажет болмайтынын білдіреді», — деп түсіндірді Цукерберг тұсаукесер кезінде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях