Торқалы тойдың тағылымы

Торқалы тойдың тағылымы

90 жылдай тарихы бар қасиетті қазыналы Қарасай ауданының өткеніне көз жіберсең, оның өне бойында қазақ елі басынан кешкен біртұтас жол-сапары анық көрінеді. Қарасайлықтар асыға күткен ауданымыздың осы үлкен мерейтойы кең көлемде екі күн бойы  аталып өтілуде.  Екінші күнінде таңертең орталық алаңдағы ескерткіш ашылған соң салтанатты жиын аудандық Мәдениет үйінде жалғасты, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz   желілік басылымы.

Мерекелік шара жаугершілік замандағы тарихи оқиғадан сыр шерткен сахналық көрініспен басталды. Әсерлі қойылымнан соң сахна төріне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көтіріліп құттықтау сөзін сөйледі. Ұлы даланың батыры, аты аңызға айналған Қарасай батырдың есімі берілген ауданның экономикалық ілгерілеуі мен өнеркәсіп саласындағы  жетістіктерінің атап айтып, елді мекеннің одан әрі дами беруін тіледі.

Одан соң аудан әкімі Жандарбек Далабаев баяндама жасап, 1929 жылы құрылған Қарасай ауданының өткен тарихына кеңінен шолу жасады. Осы өңірде азаттық үшін алысқан Қарасай, Наурызбай, Әйтей, Жауғаш батырлардың ерен ерлігін атап көрсетті. Сонымен қатар,  татулық, тыныштық, қоғамдық келісім орныққан егемен еліміздегі өркендеп өскен өңірдің бірі – ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігін айтып, экономикадағы, әлеуметтік саладағы  жетістіктерді тілге тиек етті. Аудан жұртшылығына тойға байланысты ең ізгі тілегін білдірді. Әрі қарай аудан басшысы жергілікті мекеннің әлеуметтік экономика саласына өз үлестерін қосқан елтайлық Орынбасар Жанәділ, Жандосов ауылының тұрғыны Әлия Естаева, шамалғандық Мырзабек Чимчиковты «Қарасай ауданының құрметті азаматы» төс белгісімен марапаттады. Сонымен қатар, алтын және күміс алқа иегерлері,  көпбалалы және әлеуметтік жағдай төмен бас-аяғы жеті бірдей отбасыға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер кілтін табыстады.

[su_custom_gallery source=»media: 12854,12855,12856,12857,12858″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Ендігі  кезек келген қонақтардың құттықтау сөздеріне берілді. «Қарасай ауданының құрметі азаматы», «Жетісу» өндірістік кооперативінің басшысы Жанат Исағұлов жерлестерін осы үлкен атаулы күнімен, ақ ниетін ақжарма көңілімен ақтарыла айтып, қуаната құттықтады, қарасайлықтарға шын жүрегінен шыққан ізгі тілеген әдемі жеткізсе, экономика ғылымдарының докторы, инженерлік академиясының академигі, қоғам қайраткері Бақыт Оспанов та ыстық ықыласты жылы лебізін көпшілік зейін қоя тыңдады.

Салтанатты жиын әрі қарай аудан өнерпаздарының үлкен мерекелік концертіне ұласты. Онда мың бұралған бишілер мен әдемі дауысты әншілер Қарасай жерін, оның ақ ниетті адамдарын әсем әнімен, күмбірлеген күйімен әспеттеді, ардақтады. Олардың ішінде «Үшқоңыр» этно-фольклорлік ансамблі Н.Тілендиевтің «Әлқисса», Тәттімбеттің «Сылқылдақ» атты күйлерін нақышына келтіре орындап,  Динара Кемелхан, Баймұхамет Мұқатай, Ақерке Құрбан және өзге ансамбль әншілеріне Отан және туған жерге арналған әуендерді әуелете шырқады. Мерекелік концерттік бағдарламаның соңы Бауыржан Есебаев әні пен Бағлан Омаровтың сөзіне жазылған бар өнерпаздардың орындауындағы «Мәңгілік ел»  әнімен түйінделді, оған жиналғандар сүйсіне қол соқты. Ауданымыздың мерейтойына арналған салтанатты жиыны осылайша өте жақсы дәрежеде аталып өтіп, ол барлығының көңіліне тағылымы мол әдемі әсер қалдырды. Ал, мерекеге арналған шараның соңы Жандосов ауылдық округіне  қарасты «Нұрдәулет» ипподромында ұйымдастырылған ұлттық ат спорты түрлеріне өтетін бәйгемен түйінделді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях