Тірлігі қазақы Мамедовтар отбасы (Видео)

Тірлігі қазақы Мамедовтар отбасы (Видео)

Бүгінде қасиетті Қарасай жерінде көптеген ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Солардың ішінде қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға көшіріліп, осы жерді 80 жылдан артық паналап, қазақтың салт-дәстүрлерін ұстап, тілін ана тілі санап кеткен қаскелеңдік Мамедовтар отбасын ерекше атап өтуге болады. Алда келе жатқан ынтымақтастық мерекесе 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаныңда аталмыш отбасының шаңырағына аудан әкімі Жасұлан Естенов арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ отбасы мүшесінің тарапынан жасалған өтінішке қолдау көрсететінін білдіріп қайтты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Айта кетейік, әулеттің отағасы 85 жасар Виладим Мамедов және оның жұбайы 81 жасар Нарханым Мамедова Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылған 40-шы жылдары келген. Виладим атамыз ол кезде 4-5 жаста болса, Нарханым апамыз бірде болған екен. Екеуі осында танысып, отбасы құрып, біраз жылдар Еңбекшіқазақ ауданындағы Тенкенсу ауылында тұрған. Кейіннен, 1971 жылдары Қаскелеңге қоныстанған. Олардың төрт баласы да қазақ топырағында дүниеге келген. Кездесу барысында аудан басшысы Мамедовтар әулетінің қазақ жеріндегі өмірі жайлы тыңдап қана қоймай, олардың кіші қыздарының бастамасына қолдау көрсететіндігін де жеткізді. Нақтырақ айтқанда, Адиля Мамедова өзі зағип жандардың қатарында болғандықтан осындай мәселесі бар адамдарға көмек көрсету мақсатында ауданда «Көзі көрмейтін адамдарға арналған» орталық ашуды біраз уақыттан бері армандаған. Осы ретте Жасұлан Тоққожаұлы бұл жақсы бастама екенін айтып, өз тарапынан мүмкіндігінше қолдау білдіретіндігін жеткізді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях