Таразда соққан қатты желден 41 адам зардап шекті

Таразда соққан қатты желден 41 адам зардап шекті

Таразда қатты жел автобус аялдамаларын, ағаштарды құлатып, көпқабатты үйлердің шатырын жұлып әкетті. Қала ішінара жарық пен газсыз қалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Jambyl» телеарнасына сілтеме жасап.

Желдің екпіні секундына 30 метрден асты. Қазір қала аумағында 24 жедел топ жұмыс істеп жатыр.

Таразда екпінді желдің салдарынан 41 адам зардап шекті. Оның 5-і ауруханаға жатқызылды. Өңірде жауған қар мен қатты боран салдарынан көліктің барлық түрі үшін бірнеше бағытта қозғалыс жабылды. Облыстың тас жолдарынан 40 адам эвакуацияланды. Олардың арасында екі бала бар. Жолаушылар жылу пункттеріне жеткізілді. Жеті аудан мен облыс орталығының оқушылары мен студенттері онлайн оқытуға көшті.

Облыс бойынша апатты жоюға барлығы 500-ден астам адам жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаменті қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях