Алматыда Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жұртты тонаған, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ш. есімді азамат бұрын да тонау әрекеті үшін сотталған. Бұл жолы қылмыс жасау әдісін өзгерткен. Ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жолаушыларды тонаған. Қаскүнем ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленді», — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Дерек ҚР ҚК-ның 191-бабы 3-бөлігі «Ірі мөлшерде жасалған тонау» бойынша сараланған. Күдіктінің Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі. Қазіргі уақытта ол бес қылмыс жасағаны анықталды.