Танымал тележүргізушілермен тағылымды кездесу болады

Танымал тележүргізушілермен тағылымды кездесу болады

Телевизия саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп, журналистика саласында танымал Қымбат Хангелдина мен Қымбат Досжан Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде тағылымды кездесу өткізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Танымал тұлғалармен кездесу шарасын Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі екі аптада бір рет ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Сол дәстүрді бұзбай  Алматы облысына арнайы ат басын бұрған қазақ телевизиясында тынымды еңбек еткен ардагерлер келді. Белгілі тележүргізушілер телехабар таратудың өткені мен бүгіні туралы сөз қозғап, жас журналистерге тікелей эфирде жұмыс істеудегі тәжірибиелерімен бөлісті.

«Телевизияның ең мықты қаруы — сөз. «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген бар. Ендеше сіздің әрбір сөзіңіздің іске айналар кезі бар және оның өзіне тән мәні мен мағынасы да жоқ емес. Сондықтан не істесеңіз де ойланып барып істеуге тырысыңыз. Сөйлеген сөзіне қарап адамды бағалауға болады. Даусымыз арқылы танып, бізді тыңдайтын көрермендер болса, ол біз үшін үлкен мәртебе», – деді Қазақстан ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі Қымбат Досжан. Сонымен қатар, телевизия саласында жүргеніне 35 жыл толған танымал диктор әр журналистің бойынан табылуы қажет үш қасиетті атап берді. Ол –  қызығушылық, ұтқырлық, ізденімпаздылық. Осы үш қасиетті қатар алып жүретін маман иесі телеарна саласында жетер жетістігі де биік болып, көгілдір экран арқылы жұртшылыққа танымды дүниелер жеткізері сөзсіз. Әңгіме барысында тележүргізуші тікелей эфир алдында жасайтын жаттығуларымен де бөлісіп, бір-екі тәжірибе көрсетіп берді.

[su_custom_gallery source=»media: 9572,9571,9573,9570″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Қымбат Хангелдина телевизия саласына кездейсоқ келген. Философия бойынша білім алған ол 90-шы жылдарға дейін ғылыммен айналысқан. Алайда, уақыт өзгеріп, жаңа көзқарастардың келуі, жүргізушінің тағдырын да басқа арнаға бұрады. Телевизияның баспалдағын имене аттаған сол кездегі жас маман сиқырлы әлемге еніп кете барады. «Ешқандай дайындықсыз, аяқ астынан жүргізген алғашқы эфир әлі күнге есімде», – дейді диктор. Сол сәттен бастап, Қымбат Хангелдина жаңалықтарды жүргізді, жастарға арналған және қоғамдық-саяси ойын-сауық бағдарламаларды да тізгіндеді. Салмақты диктор жас журналистерге дауыс қою ырғағын көрсетумен қатар, тікелей эфир мәтінің есте сақталып қалу үшін, әрбір сөзді бір әуенге салып айту керектігін үйретті.

Шара соңында көрермендер журналистерге  жылы лебіздерін білдіріп, тағлымды кездесуден  көп мағлұмат түйгендерін айтып, естелік суретке түсті.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях