Талғардағы моншаны паналаған отбасыға үй берілді

Талғардағы моншаны паналаған отбасыға үй берілді

[su_custom_gallery source=»media: 7690,7691,7692″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]Алматы облысында танымал меценат моншада тұрған көпбалалы отбасына үлкен жаңа үйді сыйға тартты, деп хабарлайды «Karasayinfo.kz» Алматы облысы әкімдігінің баспасөз бөліміне сілтеме жасап.

Талғар ауданына Қуаныш және Мақпал есімді жас жанұя Ұйғыр ауданынан келген. Бүгінде екеуі бес баланы тәрбиелеп отыр. Ең кенже ұлы Мирастың жасы небәрі үш ай ғана екен. Отағасы Қуаныш балалар үйінің тәрбиеленушісі, абайсызда алған жарақатынан бір көзі көрмей қалған. Бірақ, ол қиыншылыққа қарамастан, үйдің жанында орналасқан базарда жұмыс істеп, отбасын асырап жүр. Отбасы қоныс еткен ескі моншаны уақытша үйге айналдырғанымен, қыста жылы ұстау қиындық тудырып, дымқылдығына байланысты балалар жиі ауырып қалады екен. Өзі қирауға шақ қалған үйге олар айына 17 мың теңге төлеп жүрген. Айта кеткен жөн, бұл отбасының жағдайы туралы бейнеролик «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Online Kazakhstan» тобында жарияланған. Алғаш көпбалалы талғарлықтар туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел ғаламтор арқылы білгенін айтып, облыс басшысы Амандық Баталов таңертең мессенджер арқылы келген видеодан көрген. Ол бейнесюжетте барлық ақпарат анық айтылған екен. Нәтижесінде өңір басшысы Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы отбасы қоныстанған үйге барып, жағдайларын біліп қайтқан.

  • Енді көздеріңізге елестетіп көріңіздер. Үйде ешқандай қонақ күтпей отырған күйіміз бар еді. Біреудің есікті қаққанын естіп, ашып қарасақ, Амандық Ғаббасұлы тұр. Сәлемдесе келе жанында жиналған адамдармен үйге кіріп, балаларымның жағдайын сұрады. Олардың қолдарынан ұстап, бізді артымыздан жүруді сұрады, – дейді үй отағасы Қуаныш Жанболатұлы.

Үйден шыққан отбасыны жеңіл көлік Тұрар Рысқұлов ауылына алып барып, онда оларды танымал меценат-кәсіпкер Асқар Сүлейменов күтіп алған.

  • Жағдайларыңды біле сала, сендерге көмек қолын созатын кәсіпкерлерді іздей бастадым. Ең алғашқы болып, Асқар Фазылұлы өзінің жәрдем беретінін айтты. Мінеки, осы азаматтың арқасында жаңа баспаналы болып отсыңдар, бақытты болыңдар! – деді облыс әкімі.

Бірнеше сағат бұрын ғана дымқыл, ескі моншада өмір сүрген Куаныштың жанұясы, өздерінің қатты таңырқап қалғандарын жасыра алмады. Ал, кішкентай бүлдіршіндер алғашында қонаққа келген деп ойлаған. Алайда, тез үйреніп кеткен балалар өз араларында бөлмелерін таңдай бастаған. Бұдан өзге Қарасай ауданындағы көпбалалы отбасына да көмек көрсетілген. Қасымовтар жанұясы пеші істен шыққан уақытша үйді қоныс етіп жүрген болатын. Қазір олар басқа баспанаға ауысып, өмір сүруде. Бүгінде оларға жаңа үй құрылысына арналған жер теліме бөлініп қойылған. Сонымен қатар, жанұя үлкендері жұмыссыз ретінде есепке тұрғызылып, әлеуметтік көмек алуға құжаттары әзірленуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях