Таиланд ауруханасында жатқан коронавирус жұқтырған 19 адамның тоғызы сауығып, үйлеріне қайтты. Қалғандары емделуді жалғастыруда. Бұл туралы Таиланд премьер-министрінің қоғаммен байланыс бөлімі жария етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.
Жексенбі күні Таиландта коронавирусты тұмау мен АИТВ-ға қарсы препараттармен емдеудің қорытындысы ресми түрде белгілі болды. Яғни, Бангкоктегі Ратчавитха мемлекеттік ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігерлері арнайы препараттармен коронавирус жұқтырған науқастарды емдеген. Нәтижесінде ағзадан коронавирус инфекциясы табылмаған. Олардың тыныс алу мүшесінде де вирус анықталған жоқ.