Ақпан айының 4-і мен 6-сы аралығында Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында, жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында, таэквондодан ХІV ашық республикалық турнир өтті.
Қарасай батырды еске алуға, сондай-ақ, аталған спорт түрін дамытып, жастар арасында кеңінен насихаттауға арналған додаға еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық жас спортшы қатысты. Дәстүрге айналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұл жарыста ауданымыздың таэквондошылары да қалыс қалмады. Қаскелең қаласындағы «Қарасай батыр» спорт орталығының 50-ге жуық таэквондошылары осы турнирге қатысып, бақ сынады.
Аудан сенімін арқалаған спортшылар намысты қолдан бермей, шеберліктерімен танылып, бұл жолы да жеңіссіз оралмады. Атап айтқанда сайыс қорытындысы нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленіп, 63 салмақ дәрежесі бойынша қоржынымызға 5 алтын, 1 күміс, 11 қола медалін салды.
Ашық турнирде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен грамоталар табысталды.