Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында кімдерге рақымшылық беріледі?

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында кімдерге рақымшылық беріледі?

Қазақстанда 2236 сотталған адамды босату жоспарланып отыр. Осыған байланысты заң жобасын Мәжіліс отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды, — деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алдын ала есеп бойынша 2236 сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалады. Біріншіден, 1000-ға жуық адам бостандыққа шығады, сондай-ақ, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады. Екіншіден, жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту 1294 сотталған мен пробация қызметінде есепте тұрған адамға қолданылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі іс жүргізудегі 5000 қылмыстық іс қысқартылады, оның ішінде 1674-тен аса адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1471 адамға қатысты жаза мерзімін қысқарту немесе босату жөніндегі ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау қарастырылмаған», – деді Е.Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында.

Министрдің айтуынша, елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мыңнан астам адам бар, оның ішінде 30 мың сотталған адамға қатысты сот үкімі шығарылды, 4000-ы қамауға алынып, тергеліп жатыр. Олардың 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаса, 45 пайызы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан басқа, 32 мыңнан аса адам пробация қызметінің есебінде тұр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасының мақсаты — ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандарды жазаны өтеуден босату, кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, 1-2 топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға қатысты қолданылады. Заң жобасы қоғам қайраткерлері мен ғылыми сарапшылардың қатысуымен талқыланды», – деп нақтылады министр.

30 жыл ішінде Қазақстанда сегіз рақымшылық жасалды, соңғы төртеуі Тәуелсіздік күніне орай жасалды.

2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях