Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында “Көктем-2025” Республикалық командалық оқу жаттығу шеңберінде саптық тексеріс жүргізілді. Саптық тексерісті және жеке құрам мен техникалардың дайындығын аудан әкімінің орынбасары Р. Атчабаров тексерді. Сонымен қатар, саптық тексеруге аудандық шұғыл әрекет ету жасағының 20 бірлік техникасы, азаматтық қорғау қызметінің 60 маманы және жеке құрам қатысты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік баслымы.
Саптық тексерістен кейін еріген қар суынан тұрғын үйлердің су басуының алдын алу мақсатында Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылында жалпы ұзындығы 500 метр арық қазылды. Сонымен қатар, Жамбыл ауылы мен Керімбаев көшесінде халықтың осал топтары тұратын 2 тұрғын үйдің ауласындағы қарлар мен арық жүйелері тазаланып, тереңдету жұмыстары жүргізілді.