Үшқоңыр ауылындағы мемлекеттік «Бота» балабақшасының «Ақбұлақ» тобындағы тәрбиеленушісі Сейсенғазықызы Балауса ұлыстың ұлы күні –қарсаңында үлкен жетістікке жетіп, мерейі үстем болды. Атап айтқанда, төрт жаста ғана болса да, талабы таудай биік балдырған Алматы қаласында, «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Қош келдің, Наурыз» атты байқауда «көркемсөз» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін бас жүлдені жеңіп алды.
Ақиық ақын М.Мақатаевтың «Ана, сен бақыттысың!» атты өлеңін мәнерлеп тұрып, мүдірмей оқыған Балауса көрермен көзіне, тіпті, жас үйіріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Осылайша, дүбірлі додада топ жарып, арнайы кубокқа ие болып, Дипломмен марапатталған қаршадай қыз ата-анасының, Назима Жайлаубекова басшылық ететін бөбекжай ұжымының мақтанышына айналды. Бұл ретте, Балаусаның бойындағы әдебиетке, өнерге деген құлшынысын байқап, оны шыңдай білген тәрбиешісі Күнсұлу Жиентаеваның еңбегін ерекше атап кеткен жөн.