Қазақстанның төрт облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер күшіне енді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы COVID-19 таралмауы бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді.
Осы облыстарда блокбекеттер және күн сайынғы өсім 10 жағдайдан асқан елді мекендерінде санитарлық блокбекеттер орнатылды. Теміржол және әуе рейстерінің саны қысқартылды. Ақмола және Қостанай облыстарында діни нысандардың, театрлардың, кинотеатрлардың және мәдениет нысандарының жұмысы тоқтатылды. Және басқа да сақтық шаралары қамтылған шектеулер енгізілді.