Түркияда демалыс ережелеріне өзгерістер енгізілді  

Түркияда демалыс ережелеріне өзгерістер енгізілді   

 

Коронавирус кесірінен түрік қонақ үйлеріндегі «бәрі қосылған» жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Енді меймандар швед дастарханындағы тағамдары бұрынғыдай өздері сала алмайды. Бұдан былай, оны қонақ үй қызметкерлері істейді. Сонымен қоса, Түркия билігі туристерді қабылдау ережелерін жария етті. Егер елге қонған рейсте «КОВИД-19» белгілері бар адам болса, ол бірден тест тапсыруға жіберіледі. Оның нәтижесі ары кетсе, 4 сағат ішінде дайын болуы тиіс. Егер індет еш белгілерсіз өтіп жатса, жолаушы карантинге жіберіледі. Ал, ем қажет жағдайда шетелдіктер мемлекеттік ауруханаға жатады. Емделу шығындары сақтандыру полисі есебінен жабылуы тиіс. Өйткені КОВИД-19 аса қауіпті инфекциялар мен вирустық пневмония санатына жатады. Ал, карантин кесірінен шетел азаматы рейсіне үлгермей қалса, билет құнын сақтандыру компаниясы өтейді.

Айта кеткен жөн, соңғы мәлімет бойынша Түркияда коронавирус жұқтырудың 233 мыңға жуық дерегі тіркелген. Жергілікті денсаулық сақтау министрі «алдағы күндері тәуліктік өсім артуы мүмкін» деп болжап отыр. Өйткені Құрбан айт кезінде сақтық ережелері бұзылса керек. Дегенмен, билік шипажайлы өңірлерде эпидемиологиялық ахуалдың қалыпты екенін айтады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях