Кеше аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан басшысы Жандарбек Далабаев тұрғындарды қабылдап, олардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, аландатқан мәселелерінің шешілуіне көмек көрсетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.
[su_custom_gallery source=»media: 12388,12387,12386″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Қабылдауға келгендердің дені тұрғын үй мәселесін алға тартса, бірқатары жер және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жүгінді. Атап айтар болсақ, «Алтын алқа» иегері, 7 баланың анасы, Тұрар ауылының тұрғыны Жанар Жумагельдинова өзінің 2015 жылдан бері «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрса да, үй ала алмай жүргенін айтты. Сондай-ақ, отбасын мүшелерінің тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеулері әр жерде болғандықтан жақында іске қосылған «Бақытты отбасы» бағдарламасымен де үй ала алмайтынын жеткізіп, көмек көрсетуін сұрады. Қаскелең қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана Айнұр Таутік те осыған ұқсас мәселемен келіпті. Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, еңбекақысы асып тұрғандықтан бұл бағдарламаға тіркеле алмайды, ал, «7-20-25»-пен пәтер алайын десе, бастапқы 20% пайызды төлеуге шамасы жетпейтінің айтып, көмек сұрады. Екі ананың өтінішін тыңдаған аудан басшысы мәселені толығымен қарап, оларды шешудің тиісті жолдарын іздеуді орынбасары Алмасбек Әшімбайға жүктеді.
Мұнан бөлек атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін шілде айынан бастап 3 айлық тегін курсты оқып жүрген Райымбек ауылдық округінің тұрғындары, Курембаеватар отбасына АӘК-ні алудың жолдарын түсіндірді.
Қабылдауға келген барлық 15 тұрғынға аудан әкімі мен жауапты бөлім басшылары тарапынан қажетті жауаптар мен кеңестер беріліп, сондай-ақ, жергілікті билік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады.