Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың үшінші есептік кездесуі Бірінші Май ауылдық округ тұрғындарымен жалғасты. Әдеттегідей, қорытынды жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар салаға жауапты бөлім басшылар, халыққа қызмет көрсетуші мекеменің директорлары қатысты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Жиын барысында Жандарбек Ермекұлы алдымен 2019 жылы орын алған саяси жағдайлардан бастап, бір жыл ішінде тұрғындар тарапынан болған ескертулер мен ұсыныстардың барлығы назарға алынғанын сөз етті. Баяндама барысында аудан басшысы былтырғы жылы бірнеше салада жеткен жетістіктерді де тізбектей келе, олардың сандық көрсеткіштері бойынша да айтып кетті. Осы ретте аудан әкімі Жандарбек Далабаев ауданның 24 елді мекенін сумен қамтамасыз ететін Қаскелең су жинақтау топтамасының жұмысына да ерекше тоқталды. Сондай-ақ, бұл жоба жақсы қолға алынғанымен, біріншімайлықтардың пайдасына жұмыс істемейтінін де ескертті. Өз кезегінде аудан басшысы Қайнар және Бекболат ауылдары сумен толық қамтамасыз ету жағы облыстық бюджет тарапынан игерілген қаржы арқылы жүзеге асатынын айтып, биыл оның құрылыс жұмысы байқау нәтижесі бойынша басталуы жоспарда бар екенін түсіндірді. Бұл айтылғаннан бөлек, ауыл тұрғындарын кәріз жүйесі де көптен бері алаңдатуда екені тағы бар. Жандарбек Ермекұлы бұл өзекті проблеманы алға тартып, Қайнар ауылында биыл аталған мәселе бойынша жұмыс басталады деп, халықты тек сабырлықпен күтуге шақырды. Міне, осылайша аудан әкімі баяндама барысында көптің көкейінде жүрген бірнеше сауалдарға қатысты ойын жеткізіп, басқа мәселелерге қатысты жұртшылықтың пікіріне құлақ асуды жөн санады.
[su_custom_gallery source=»media: 15348,15349,15350,15351″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Ұсыныс-сауалдарын білдіруші ретінде ауыл тұрғыны алдымен аудан әкімінің былтырғы жылы берген уәдесі бойынша атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, округтегі мектептің жағдайына, бала санының артуына алаңдатушылық білдірген еді. Өз кезегінде аудан әкімі білім ошағы, расыменде, ескіргенін тілге тиек етіп, жаңа мектептің салынуына жер телімін қарастыратынын жеткізді. Ал, әзірге бала санының артуына байланысты осы білім ошағына 600 орындықты жапсаржай құрылысы мен күрделі жөндеу жұмысы жоспарда барын түсіндірді. Бұл айтылған мәселелердің қатарында ауылдастар тарапынан жарық, жедел жәрдем, мал жайылымына жердің қажеттіліктері де қозғалды. Аталғандарды аудан басшысы Ж.Далабаев тиісті бөлім мен мекеме басшысына және округ әкімі Елдос Мұқатаевқа жүктеді.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары Жандарбек Ермекұлының еңбектерін жоғары бағалап, ақ баталары мен ризашылық тілектерін білдірді. Ал, Қайнар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сымбат Сүлейменова ауданда жүзеге асып жатқан игі істерді өлең жолдармен жеткізіп, аудан басшысына деген алғысын жеткізді.