Тұмауға қарсы вакцина

Қарасай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Олжабаев пен орталық аурухананың бас дәрігері Ербол Сарсенбаев тұмауға қарсы вакцинаны бірінші болып салдырып, ауданымыздағы екпе егу науқанын бастады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Тұмау – жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын жіті вирустық ауру, ол айқын интоксикациямен бірге жүреді және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін. Суық түсісімен тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияның тарау қаупі зор. Сондықтан да бұл індеттің алдын алу мақсатында еліміздің барлық емханаларында тұмауға қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте бүгін аудандық орталық ауруханада «Тұмауға қарсы егілейік!» атты акцияның ашылу өтті.

[su_custom_gallery source=»media: 12677,12674,12678,12679″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Қарасай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен мен аудандық аурухана басшылары және қызметкерлерінін атсалысуымен ұйымдастырылған рәсімнің лентасын аталмыш мекемелердің басшылары Нұрлан Кенжебекұлы мен Ербол Жақсылықұлы қиды. Жылда дәстүрге айналған шара барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылды, сондай-ақ, вакцинация кабинетінде тұмауға қарсы «Гриппол плюс» екпесі жасалды. Қазан айынан басталаған бұл науқан желтоқсан айының біріне дейін жалғасатын болады.

Тағы бір айта кететіні, акция шеңберінде аталымыш мекемелер әлеуметтік желілерде бейнежазба арқылы басқа мекемелерге «Тұмауға қарсы егілу» эстафетасын жолдады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях