Түйе сүтінен жасалған балмұздақ

Түйе сүтінен жасалған балмұздақ

Қазақтың дәстүрлі тағамдарын сөз еткенде әрине, ұлттық сусындарын да шетте қалдыруға болмайды. Солардың ішіндегі шұбат ерекше дәмі мен аса пайдалылығының арқасында көп танылған. Ол кез-келген адамның шөлін қандыруға қауқарлы, талай дертке дауа қасиеттері сусындардың бірі. Қазіргі кезде, одан көптеген пайдалы өнімдер жасалуда. Соның бірі ретінде, түйе сүтінен жасалатын балмұздақты айтуға болады. Ондай өндіріс, бүгінде еліміздің көптеген аймақтарында қолға алынып, енді, міне, біздің Қарасай ауданына да жеткен. Ондай дүкен Үшқоңыр ауылдық округіндегі Алматы-Бішкек трассасының бойында орналасқан „Дәулет Бекет„ орталығында ашылған.

Жұмыс бастағанына бар жоғы он күндей ғана болған дүкенге, пайдалылығын естіп, дәмін татамын деушілердің қатары күн санап артып келеді. Сатушы Жазира Маймакованың айтуынша сиыр сүтінен жасалған балмұздақтарға қарағанда, оның құрамы май, ақуыз, минерал мен витамин заттарына бай болып, қант қосылмай жасалатындықтан дәмінің қышқылдығы аздап жоғары болып келеді екен. Сондықтан да, оның сусамыр дертіне берер дауасы да неғұрлым жоғары. Бұдан бөлек, оның табиғилығын алға тартқан сатушы сапасы жоғары шұбаттың адам ағзасындағы өт жолдарын тазалауға, бауыр-бүйрек жұмысын жақсартуға әсері мол екендігін де айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях