Ұтқан қомақты ұтысын қайырымдылыққа жұмсаған

Ұтқан қомақты ұтысын қайырымдылыққа жұмсаған

Лотореядан ұтқан ұтысын қайырымдылыққа жұмсады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі сержант Нұрлыбек Иманбаев 2021 жылдың 29 желтоқсанында «AVTO LOTO» лотереясынан қатысып, «Hyunday Accent» автокөлігін ұтып алған. Су жаңа көліктің құны 7 млн. 519 мың теңге тұрады.

Ойлана келе шекарашы алдына таңдау қойылған кезде ұтқан көлікті емес, қомақты қаржыны таңдаған. Оның өзіндік себебі де бар екен.

— Таразылап көрсем, бір жапырақ қағаздан шыққан ұтыс менен гөрі өмірдің теперішін көбірек тартқан жандарға керек екен. Оның үстіне жақында бейбіт адамдардың берекетін қашырған бүлік кезінде шаңырағы шайқалып, қара жамылған отбасылар аз болған жоқ. Олардың ішінде біздің әріптестеріміз де бар. Осының барлығын ой елегінен өткізе келе, көліктің орнына ұтыс ақшаны алып, қайырымдылыққа жұмсауды шештім, – деді ұтыс иесі Нұрлыбек Иманбаев.

Ресми мәліметке сүйенсек, шекарашы әскери азамат Алматы қаласындағы бүлікшілермен болған қақтығыс кезінде қаза тапқан Дәулетбек Жұпарбеков пен Мейірхан Бітімнің отбасыларына 500 000 теңгеден материалдық көмек көрсеткен. Қаржының тағы бір бөлігін қатерлі ауруға шалдыққан Мағауия Бекжігіт Бекболатұлының Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы қымбат клиникада емделу үшін 1 000 000 теңге аударған. Ал, қалған 4 767 100 теңгені БҚО Бөкей Ордасы ауданының Бисен ауылы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй сатып алу үшін «Харекет» қайырымдылық қорына аударды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях