Судың дұрыс келуіне кедергі келтіріп отырған құбырлар жөнделеді

Судың дұрыс келуіне кедергі келтіріп отырған құбырлар жөнделеді

Бекболат ауылындағы су жүретін құбырлардың мәселесі жақын арада шешілетін болады. Бұл туралы бүгін Бірінші Май мектебінде өткен аудан әкімінің есептік жиынында айтылды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Есептік кездесу барысында түрғындар үнемі сынып немесе жарылып кететін су құбырларының мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, өткен аудан әкімінің жиынында айтылған су мәселесі шешіліп, Бекболат пен Қайнар ауылдарына ауыз су берілген еді. Бірақ, сол уақытан бері құбырлардың жарылулары көбейіп соңын кесірінен бір көшелерде су атқылап ағып жатады, ал бір көшелерде мүлдем ақпай қалады.

Бұған округ әкімі Елдос Мұқатаев жауап беріп, бұл пайда мәселені ол бақылауында ұстап отырғандығын және де бүгінде құбырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Жақын арада құбырлар жөнделіп, су мәселесі шешілетін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях