Билік органдары мен қоғамды жан-жақты әрі шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы болып есептелетін статистика органдары сонау 1920 жылы 8 қарашада құрылған. Бүгін аудандағы осы аталмыш маман иелерін аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев салтанатты түрде құттықтады. Сондай-ақ, мекеменің бірқатар қызметкерлеріне аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан Құрмет грамотасы және аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Ақшолпан Мараттың да Алғыс хаттары тапсырылды. Өз кезегінде басқарма атынан әрі басшысы ретінде Дина Нупбаева аудан әкімінің аппаратына ыстық ықыласын білдірді.
[su_custom_gallery source=»media: 6463,6462,6461,6460″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]