Сот қызметкерлері де қолдайды

Сот қызметкерлері де қолдайды

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы сот қызметкерлері тарапынан да жақсы қолдау тапты. Онда айтылған барлық келелі мәселелер мен кемел келешекке бастаған байыпты бағыттар, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отыра заман ағымына ілесіп, жаңашылдықтар мен жарқын істерге жол ашатын жақсы бастамалар бүгін аудандық сот ғимаратында өткен басқосуда кеңінен талқыланды.

Жиын тізгінін өз қолына алған Қарасай аудандық сотының төрағасы Мәди Көшікбаев Фемида қызметкерлері де аталған мақала маңыздылығын терең түсініп, ондағы жалпы қазақстандықтарға жүктелген міндеттердің, Елбасының әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге бастайтын мақсаттарының жүзеге асуына өзіндік үлестерін қосуы қажеттігін алға тартты.

Сонымен қатар, талқылауға қатысушылар тарапынан судьялар Меруерт Конурбаева мен Марат Арапов та ой-пікірлерін ортаға салып, өздеріне ұнаған бөлімдерге жан-жақты тоқталып, көкейге түйген жаңалықтарымен және алған әсерлерімен бөлісті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях