Сот ғимаратындағы құқықтық турнир

Сот ғимаратындағы құқықтық турнир

Елбасы соңғы Жолдауында  биылғы жылды болашаққа бастаушы жастарға арнаймыз деп атап айтқан болатын. Бүгін осы бастаманы негізге алған аудандық сот басшылығы SDU университетінің заң факультетінде оқитын студенттер арасында «Құқықтық турнир» ұйымдастырды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. Шараға төрелік ету мақсатында сот төрағасы Мәди Көшікбаев, аудандық прокурордың орынбасары Дархан Досмұханбетов, аудандық адвокаттар алқасының мүшесі Ратжан Берсінбаев,  SDU университетіндегі заң факультетінің деканы Марат Ахмади, аудандық сот судьясы Меруерт Қоңырбаева  ат салысты. Алдымен жиын  аудандық сот пен SDU университеті әкімшіліктері арасында 2019 жылға арналған меморандумға қол қою салтанатымен басталды.

[su_custom_gallery source=»media: 7732,7733,7731,7734″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жарысқа қатысқан төрт команда үш бөлімнен тұратын сайыста өз білімдерімен  қоса, өнерлерін ортаға салып көрерменді тәнті етті. Сайыста бас сынасқан қатысушылар алғашқы шығармашылық кезеңін жайдарман түрінде көрсетсе, екіншісінде – заңнамаларға қатысты сұрақтар жауап берді.  Ал, ақтық кезеңнің шарты бойынша  заң факультетінің білімгерлері  кәдімгі сот залында азаматтық, қылмыстық істерді өз беттерінше жүргізіп көрді. Нақтырық айтқанда студенттер судья, адвокат, прокурордың нағыз кейпінде болып жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен алып шықты. Қазылар алқасы кәсіби пікірлерін білдіріп, тиісінше бағалады. Қорытындыға сәйкес жоғары  ұпайымен  «Lex Fori» командасы жеңімпаз атанып бірінші орынды лайық деп танылса,  «Suits» командасы  екінші, «Лига справедливости» командасы үшінші орынды қанағат тұтты.  Ал,  «Либра» командасы жүлделі орынға ілінбесе де,  турнирден мол тәжірибе жинақтап қайтты. Жиын соңында сот төрағасы дайындаған арнайы сыйлықтар марапат  иелеріне табысталды.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях