Солтүстік ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Солтүстік ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Алматы облысы аудандарына кезекпе-кезек еліміздің Солтүстік өңірлерінен келген бір топ делегация түрлі бағдарламалар аясында, жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықпен кездесулер өткізуде. Ал, бүгін олар біздің ауданға табан тіреп, аудандық мәдениет үйінде «Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты іс-шара ұйымдастырды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде өткен жиынға екі жүзден астам азамат өтініп білдіріп, солтүстіктен жұмыс табуға өз ниеттерін білдірді. Бұл жиынға қарасайлықтардан бөлек, Жамбыл, Іле аудандарының тұрғындары және Алматы облыстық жұмыспен қамту, үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жарқын Жақсыбеков, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Жапаров, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Қыйлыбаева және аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Элмира Тасырова қатысты. Жалпы, онда жұмыссыз азаматтарға арналған әртүрлі тиімді ұсыныстар айтылып, мектеп бітіруші түлектерге «Серпін» бағдарламасы жайлы толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Делегация құрамында СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жылқыбай Сүлейменов, ауыл әкімдері, жұмыспен қамту саласының өкілдері мен жұмыс берушілер де бар. Олардың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 7 млн гектардан астам жер бар. Еліміз бойынша ең үлкен егістік жері болғанымен, өңір еңбек күшінен тапшылық көруде. Сондықтанда 270 мыңнан астам тұрғыны бар Қарасай ауданындағы жұмыс іздеген азаматтарын Солтүстік облысына тартуды мақсат етуде. Ол үшін арнайы бағдарламалар да бар екен. Сонымен қатар, ұсы­ныс ұнап, жұмыс істеу үшін сол­түстікке көшемін деушілерге бірқатар көмек те көрсетіледі. Мәселен, үймен, жермен қамтып, кәсібі мен шаруашылығын дөңгелетуге бағыт-бағдар береледі. Онда педагогикалық, техни­калық, басқа да ма­мандықтар бойынша бос орындардың көп екен. Жәрмеңке соңында делагаттардың ұсынысына құлақ асқан 46 отбасы мүшелері нақты келісім беріп, нәтижесінде, енді таяу күндері солтүстікке көшуге қамданатындарын да жет­кізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях