Соңғы жағдайларға қарамастан Қытай тауарлары елімізге еш кедергісіз кіре беретін болады

Соңғы жағдайларға қарамастан Қытай тауарлары елімізге еш кедергісіз кіре беретін болады

Үкіметтің баспасөз орталығындағы өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан мен Қытай арасында шекараның тауар бағасына кері әсерін тигізбейтінін айтып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қытаймен шекара жабылғаннан кейін баға өседі деген ақпарат – дұрыс емес ақпарат. Өйткені, қос ел арасында тауар өткізу мәселесіне байланысты ешқандай кедергі жоқ. Шекара жабылған жоқ. Коронавирусқа байланысты тек қана адамдарды өткізу мәселесіне қатысты қиындықтар туындаған шығар. Сондықтан тауар бағасын негізсіз көтеруге себеп жоқ, – деді министр.

Сондай-ақ, жиында Бақыт Сұлтанов алдағы уақытта екі елдің арасындағы шекараның жабылуын сылтау етіп, тауарлардың бағасын себепсіз көтеріп жіберген қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты тексеріс басталатындығын жүргізілетінін жеткізді. Егер заң бұзу фактілері дәлелденсе, оларға айыппұл салынуы мүмкін.

– Қазіргі таңда сатушылар осындай себептермен (шекараның жабылуы) бағаны көтерсе, бұл ақпаратты тұрғындар бізге беруі керек. Ал, тиісті органдар: монополияға қарсы және салық органдары жұмыс жүргізіп, талдау жасайды. Бағаны себепсіз көтерген сатушыларға заң аясында белгілі шараларды қабылдаймыз, – деді ол.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отысырында Бақыт Сұлтанов кейбір кәсіпкерлер коронавирусқа байланысты Қазақстан мен Қытай арасында шекараның жабылуын сылтау етіп, азық-түлік бағасын негізсіз көтергенін атап өткен еді. Оның айтуынша, бұл фактілерді тексеру үшін арнайы желі іске қосылған.

Елімізде бағаның себепсіз көтерілгенін көргендер болса +7 (7172) 751632 немесе +7 (7172) 749832 нөмірлеріне хабарласуына болады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях